Кызмет алушылардың құқықтарын бұзуға жол берілмейді

212 Views

Департаментпен ақпараттық жүйе­лер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Мониторинг барысында Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тара­пынан қызмет алушының «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін алу үшін «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған өтінішіне негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Аталған бөліммен қызмет алу­шы­ның өтінімі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының тиісті эскиздік жобаларды міндетті түрде басқармамен келісу қажеттігі туралы хатына сілтеме жасалып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған.
Осыған орай, Департамент тарапы­нан бөлімге қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде «Е-лицензия» ақпа­раттық жүйесінің жаңа мүмкіндігі арқылы, яғни қызмет алушы қайта өтінішпен жүгінбей, оған қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Р.Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша

департаментінің басшысы.

Поделиться ссылкой: