Еңбегімен танылған азамат
39 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Тұрар Рысқұлов ауданының соты халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзу бойынша әкімшілік Қытай Халық Республикасының 5 азаматына қатысты істерді қарады (ӘҚБтК-нің 517-б. 5-б.).
Сот Қытай Халық Республикасының азаматтары тиісті рұқсатсыз Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында еңбек қызметін жүзеге асырғанын анықтады. Олар кәсіпорында қызмет көрсету саласында жұмыс істеді.
Сотта барлық құқық бұзушылар кінәні толық мойындады.
ҚР-да жұмысқа орналасуға рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және көші-қон карточкаларымен расталады.
ҚХР-ның 5 азаматы соттың қаулыларымен ӘҚБтК-нің 517-б. 5-б бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды. Қаулылар заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.