Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді

94 Views

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне және осындай әрекеттердің алдын алудың маңыздылығына бағытталған профилактикалық кездесу өтті. 

Іс-шараға филиалдың басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Ербол Бақтықожаев, облыс прокурорының аға көмекшісі Ернұр Берікұлы және ҚР бас прокуратура комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының прокуроры Нұрлан Елжан қатысты.
Филиалдың құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру басқармасының бас­шысы Нұрлан Асабаев сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы заңнаманы сақтау тек заңды талап қана емес, сонымен бірге ашықтық пен сенімділіктің кепілі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, мұн­дай кездесулер қызметкерлердің жауап­кер­шілік сезімін қалыптастыруға және белгіленген нормаларды қатаң сақтау­ға ықпал ететінін баса айтты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою мәселелері талқыланды. Негізгі назар ішкі бақылауды күшейту және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету шараларына аударылды. Қатысу­шылар сенімді нығайту және құқық­тық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ведом­ство­лардың бірлескен іс-қимылының маңыз­дылығын атап өтті.
Айта кетейік, «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік қызмет­тер­ді көрсету кезінде сыбайлас жем­­қорлыққа мүлдем төзбеушілік қағи­да­тын ұстанады.
Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жем­қорлық және алаяқтық фактілері анық­талған жағдайда ақпаратты compliance.control@gov4c.kz электрон­ды мекенжайына немесе 1414 нөміріне қоңы­рау шалу арқылы жіберуге бола­ды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері.

Поделиться ссылкой: