Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
107 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Бүгінгі таңда кітап – білім мен руханияттың сарқылмас қайнары. ал оны сыйға тарту – адамзатқа ортақ мәдени мұраны сақтауға және таратуға қосылған зор үлес. Жуырда, яғни 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай аудандық кітапханада «Кітап – сөзбен өрілген шексіз әлем» атты bookstory өтті.
Осы орайда аудандық кітапханаға көптеген кітап жанашырлары мен оқырмандар құнды кітаптарды тарту етті.
Атап айтқанда, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы, аудандық билер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Есімқұлұлы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрболат Аманжол және кітапхана оқырманы Күләйша Исаева өз тараптарынан кітапхана қорына құнды еңбектерді сыйға тартты.
Іс-шара барысында кітаптар туралы қызықты деректер айтылып, «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасалса, кітапхана оқырмандары жыр шумақтарын оқып, көрермендермен қызықты ойын ойнатылды.
Бұл игі бастама кітапхана оқырмандары үшін үлкен маңызға ие. Себебі жаңа кітаптар білімге құштар жандардың таным көкжиегін кеңейтіп, олардың ізденісіне жол ашады. Бүгінде Тұрар Рысқұлов аудандық кітапханасы – тек кітап қорының сақтаушысы ғана емес, сонымен қатар білім мен мәдениеттің ордасына айналып отыр.
Осы күнгі шара – кітапқұмар қауымның бір-біріне рухани сый жасайтын ерекше мерекесі. Кітапханамызға тарту етілген әрбір кітап жас ұрпақтың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, болашаққа жарқын қадам жасауына септігін тигізері сөзсіз.
Осындай игі іске атсалысқан барлық азаматтарға кітапхана атынан зор алғыс білдіреміз. Кітап оқу – ойды кемелдендіріп, сананы жаңғыртады. Сондықтан әрдайым білімнің шамшырағы сөнбесін.
А. Искакова,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.