ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
272 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Жақында Өскемен қаласында 2010-2011 жылы дүниеге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Осы ел біріншілігіне Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жүніс Бектемишев өз шәкірттерін үкілеп апарды. Жеңіл атлетикадан өтетін кез келген жарыста Жүніс Бектемишевтің шәкірттері алдыларына жан салмайтынын білеміз. Білетіндер болса, оны да сан мәрте жазғанбыз.
Қош, сонымен Өскеменде өткен ел біріншілігінде Қазақстанның әрбір аймағынан келген жасөспірім ұлдар мен қыздар өзара кім мықтыны анықтады.Сол спортты серік еткен мықтылардың ішінен Жүніс Бектемишевтің қос шәкірті, яғни Мұрат Молдаш пен Кәусар Төреғазы үздіктер қатарынан көрінді. Осылайша Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Мұрат Молдаш спорттық жүруден Қазақстан чемпионы атанса, Кәусар Төреғазы 1500 метрге жүгіруден жүлделі ІІІ орынды иеленді. Айта кетейік, Мұрат Молдаш дәл осы спорт түрінен Қазақстанның 5 дүркін чемпионы атанып отыр. Осы жарысқа қатысқан өзге де оқушылар, яғни Іңкәр Смаил, Еркеназ Сәрсен, Айару Кенжеқұл, Тілекқабыл Тоқтыбаев спорттық жүруден төртінші орынға ие болды.
Марат Жолдасбекұлы.