Аудан әкімі түркиялық және қытайлық инвесторлармен кездесті

164 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов осы аптада ауданымызда инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті бірқатар инвесторлармен кездесу өткізіп, инвесторларға өлке­міздегі ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкін­діктері таныстырылды. Оның ішінде Түркия мемлекетінің қант қызылшасы тұқымын өндіруші «Kuzey Tohumculuk», жаңбырлатып суару технологиясы құрылғыларын өндіретін «Ipivot» және де Қытай Халық Республикасының таза ауыз су өндіру бағытындағы «Zepu Country Zhenfei Plastic Industry Processing Plant» компаниясы өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта келісілген екіжақты ынтымақтастық аясында аталған инвестжобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: