Жеңіс туы желбіресін!
83 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Қар көшкіні – тау беткейлерінен құлайтын немесе сырғитын қар массалары. Олар адам өміріне және шаруашылық нысандарға қауіпті табиғи процесс болып табылады. Қар көшкіндері, еңістігі 15 градустан асатын биіктігі 30 сантиметрден асатын қар жамылғысына ие барлық таулы аудандарға тән.
Қар көшкiнiн қалыптастыратын факторлар:
– қар жамылғысының биіктігі;
– қардың тығыздығы;
– қарқынды қар жауу;
– қар жамылғысының шөгуі;
– ауа мен қар жамылғысының температуралық режимнің өзгеруі;
– қарлы бораннан пайда болған қар жамылғысы.
Жыл сайын қысқы қар көшкіні қауіпті кезеңде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалының мамандары Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, таулы аудандардағы аумағында қар көшкін қаупі бар аймақтарды анықтау мақсатында аэровизуалды зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көксай және Қаралма шатқалдарында қар көшкінінің қауіпті учаскелері бар.
Аталған учаскелерге филиал мамандары бекітілген кесте бойынша әр онкүндікте жербетілік зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Оған қоса профилактикалық жұмыстар, яғни әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерге, кәсіпорын, мекеме, әскери бөлім, білім ошақтарына төтенше жағдай саласындағы мәдениетін арттыруға қысқы кезеңдегі қар көшкіні туралы кең ауқымда (қар көшкінінің белгілері, түрлері, классификациясы және сақтық шаралары туралы) слайдтар мен видеороликтер көрсету арқылы семинар-сабақтар өткізеді.
Профилактикалық жұмыстың тағы бір түрі жоғарыдағы мекемелерге, демалыс орындары, шаруа қожалық иелеріне, елдімекен тұрғындарына хабарлама-ұсыныстар беріп, түсіндіру жұмыстары барысында «Қар көшкіні кезінде қандай әрекет жасау керек» жадынамаларын «Жастар рессурстық орталығы» КММ-мен (волонтер) бірлесіп, таратады.
2024 жылдың 1 ақпанында басқарма табиғи сипаттағы төтенше жағдай (сел, қар көшкіні) туралы ақпарат (Көксай, Ақсай, Топшақ, Текеқамал шатқалдарындағы қар жамылғысы биіктігі, су деңгейі) алмасу мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасады.
Қар көшкінінің алдын алу мақсатында орындалатын сақтық шаралары:
– тұрғындарға желді және қарлы ауа-райында 15-17 градусқа дейінгі қар жамылғысы қалың еңістігі бар тау баурайларына шығуға жол бермеу немесе шектеу қою;
– сондай-ақ, күн райы күрт жылығанда немесе қардың қатты еруі кезінде қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды;
– тауда саяхаттаған кезде қар көшкініне жол бермеу үшін қатты дыбыс (айғайлау, ысқыру, мылтық ату) шығармау;
– адамдар арасында 10-20 м аралықпен еңістік бойымен қозғалу қажет;
– саяхаттағы барлық қатысушыларға бірдей аралықта белбеу немесе арқан байлау.
Қар көшкіні кезінде мына қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыз:
– таулы аймаққа шығарда бұқаралық ақпарат құралдарынан көшкін, ауа-райы туралы ақпаратқа көңіл бөліңіз. Міндетті түрде тобыңызбен хабарлағыш құрылғыларды жадыңызға алып алыңыз. Оған қоса барлық хабарлағыш құрылғы қосулы тұрғаны абзал. Құрылғыны киіміңіздің ішкі қалтасына салып қойғаныңыз жөн. Себебі егер сөмкеңізге, рюкзакқа салсаңыз, қар көшкіні кезінде сөмкеңізден, рюкзагыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін;
– жаныңыздағы серігіңіз қар көшкіні астында қалса, құрылғыны іздеу режиміне қойыңыз. Құрылғы қызметінің радиусы 50 метрге дейін жетеді. Осы аралықта жоғалған серігіңіздің хабарлағышын тапқан уақытта, сіздің құрылғыңыз қатты дыбыс беруі мүмкін. Яғни сіздің досыңыз құрылғы бағыттаған маңда;
– егер құрылғы болмаған жағдайда қауіпті аймақтан жоғалған адамды бір ғана адамның іздегені дұрыс. Ал қалған топ мүшелері оның қимылын бақылап тұрғаны жөн. Себебі тағы да көшкін пайда болса, оны қар басқан маңды жаттап қалу керек;
– білектеріңізге қызыл түсті жіп немесе бау тағыңыздар, көшкін кезінде бір-біріңізді табуға септігін тигізеді. Егер киіміңіз қызыл түсті болса, тіптен жақсы;
– көшкін кезінде биік жерге, мысалы, мүмкіндігіңізше, ағашқа өрмелеп шығып кетуге тырысыңыз;
– егер аяғыңыздың астынан қозғалған қабатты сезсеңіз, бар күшіңізді жинап, көшкіннің шетіне қарай ұмтылыңыз;
– рюкзагыңыз бен шаңғыңызды тастаңыз. Себебі мұндай жағдайда артық жүктің пайдасы болмайды;
– көзіңізге түскен қандай зат болмасын, тас немесе ағаш болсын, ұстап тұрыңыз. Ол сіздің өміріңізді құтқарып қалуы мүмкін;
– көшкін астында қалсаңыз, ең бастысы, тыныс алу мүшелеріңізді қар тозаңынан сақтаңыз. Көшкін астында аяқ пен қолдың көмегімен кеңістікке шығуыңыз керек;
– айқайлауға болмайды, себебі бұл күш жұмсауды керек етеді және де жоғары дыбыс әлсіреткіш қасиетінен сізді ешкім естімейді;
– құтқарушыларға белгі беру үшін және сақ болу үшін қалғымау қажет.
Е.Омарбеков,
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық
пайдалану басқармасы» филиалының Меркі ӨПБ басшысы.