111 Views
2025 жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялағаны белгілі. Президенттің осы бастамасынан соң, қарапайым еңбек адамдары туралы еліміздегі барлық газет тілшілері мақалалар жазса, телеарналардағы әріптестеріміз сюжет әзірлеп, осындай өз ісінен адал табыс тауып жүрген нағыз жұмысшы маман иелерінің есімдерін көпшілікке дәріптеп келеді. Ол қатарда біздің газетте бар.
Сейсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Адал – адам, адал – еңбек, адал – табыс» деген тақықырыпта аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, айналасына қадірі артқан нағыз еңбек адамдарының құрметіне арналды. Іс-шарада аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Сванов, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова сөз сөйлеп, қарапайым еңбек адамдарының еселі еңбектері туралы оябы бөлек сөздер айтты. Содан соң кезек марапаттау рәсімен келіп, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің Алғыс хатымен Ақтоған орта мектебінің іс қағаздарын жүргізушісі Айсұлу Дошаханова, Ақыртөбе орта мектебінің вахтері Мұхабат Халмұратова, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің электригі Момыналы Намазбаев аудан әкмінің Алғыс хатымен, Алғабас орта мектебінің зертханашысы Дана Шубаева, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің аула сыпырушысы Гүлнара Керімқұлова аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен, ал, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің еден жуушысы Тазагүл Куванова, №3 шағын орталықты орта мектептің сантехнигі Ахан Арнаев, Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің қарауылы Абуталип Алдабергенов, «Жас натуралистер станциясы» КММ-нің жылыжай бағбаншысы Жолдасбек Шолпанқұлов, «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының кір жуу операторы Нұрсұлу Баймұратова, «Бота» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісінің көмекшісі Жансая Абишева «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, онда ырғағы мен мазмұны есті музыкаға құрылған сазды әндер шырқалды.
Марат Диханбай.
Поделиться ссылкой: