Арулар – асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өткен болатын.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкер әйелдер мен сан түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты. Концерттің ашылуында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, әйел-аналардың, қыз-келіншектердің қоғамдағы ерекше орны мен еңбегін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Ернар Серікәліұлы ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар нәзік жандыларды алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әуен, көтеріңкі көңіл-күй мен сый-құрметке толы шара аудан тұрғындары үшін есте қаларлық кештердің біріне айналды. Өйткені нәзік жандылар кез келген сый-құрметке лайықты.
Шара соңында қонақтарға гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табысталды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.