Қарт әжені құттықтады
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, 87 жастағы Рахым Сәбденов ауылының тұрғыны, ұл-қыздарына қамқор, ағайын-туысқа сыйлы, ауыл-аймаққа қадірлі Төлесбаева Сүйімхан Сламқұлқызының үйіне арнайы барып, қазыналы қарт әжейді мерейлі мерекемен құттықтады. Сүйімхан Төлесбаева 1938 жылдың 8 наурызында дүниеге келген. Бүгінде Сүйімхан Сламқұлқызы өзі тәрбиелеп өсірген 7 ұл, 3 қызынан 36 немере, 57 шөбере сүйіп отырған ауылға сыйлы ақ жаулықты әже.
Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы колхоз кезінде жұмыстың ауырлығына қарамастан, бел жазбай еңбек еткен Сүйімхан әжейдің ғибратты ғұмыры көпшілікке үлгі екенін сөз етіп, әжейді мерекемен тұспа-тұс келген туған күнімен де құттықтады. Өз кезегінде Сүйімхан әжей де аудан басшысы Ернар Серікәліұлының іскерлігі мен еңбекқорлығынан хабардар екенін жеткізіп, ақ батасын берді.
Марат Диханбай.