Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Жақында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісовтің төрағалығымен төртінші шақырылған аудандық Қоғамдық кеңестің кездесу отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіне енген 2024 жылдың 12 айында Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтер жөнінде атқарған жұмыстары туралы, Құлан ауылдық округі әкімінің округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстары туралы екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров баяндама жасады. Содан соң зерделеу жұмыстарын жасаған 3 тұрақты комиссия мүшелеріне сөз берілді. Анығын айтсақ, білім беру, денсаулық, ішкі саясат, мәдениет, спорт, қоғамдық бірлестіктер мен жастар саясаты жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Маңғұтов, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп салалары жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Т.Досаев, экономика, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру, экология, табиғатты пайдалану, қоғамдық құқық тәртібін қалыптастыру, жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы С.Әбдіқадыровтар қосымша баяндама жасады. Содан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері М.Шүкеев, Т.Алагөзова, Л.Левицкая өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.
«Құлан таңы» ақпарат.