Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
7 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Кеше Қазақстан Халқы Ассамблеясы Тұрар Рысқұлов аудандық ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Достық» үйінде «Даналық көпірі» тұжырымдамасына сәйкес интерактивті кездесу болып өтті. Кездесуге аудан прокуратурасының аға прокуроры Ә.Құсайынов, кеңес мүшелері, яғни аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Алтауова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Ноғайбаева, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі М.Аденов, аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік кеңес беру кабинетінің психологы Ж.Амантай қатысты. Кездесуде бірқатар мәселелер сөз болды. Атап айтсақ, Өрнек ауылдық округінде спорт кешені, мәдениет ошақтарын салу, оқушы балалардың қауіпсіздігі, учаскелік полиция инспекторларының тұрғылықты елді мекенде тұруы секілді қордалы мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданды.
«Құлан таңы» ақпарат.