Жеңіс туы желбіресін!
98 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке қабылдау керектігі көзделген. Осыған орай өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесу еркін форматта өтті.
Абай ауылдық округіне қарасты 2 елді мекен бар. Оның бірі – Еңбекші болса, екіншісі – Көкарық. Биыл аталмыш қос елді мекенге де балалар ойын алаңдары орнатылған. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаев атындағы және Жастар көшесіне тұрғындар өтініші бойынша электр бағандары мен желілері және көше шамдары қойылыпты. Округтегі ең басты жобалардың бірі – «Қарақат» су каналы. Оны қайта жаңғыртуға бюджеттен қыруар қаражат қойылып, жақын арада іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 1-2 жыл бұрын округте «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асып, «Ынтымақ» кооперативі құрылған. Бес бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп, жаңа кәсіп түрлері де ашылған. Оның бірі – макарон өнімдері болса, екіншісі – құрылыс заттарын өндіретін цех. Мұның бәрін жиында аудан әкімі Ернар Есіркепов кеңінен мәлімдеп берді.
Аудан басшысы тұрғындарға тек Абайда атқарылып жатқан жұмыстарды ғана емес, жалпы аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды да тізбектеді.
Жалпы ауданда 2024 жылы әр бюджеттік бағдарлама тетігінен 45 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 37 жоба нақты жүзеге асып, пайдалануға берілген. Олардың қатарында жол, ауыз су, мәдениет, білім, ауылшаруашылығы, спорт, тұрғын үй саласына қатысты бірқатар ірі жобалар бар.
Кезек тұрғындарға келгенде Абай ауылының азаматтары тосылып қалған жоқ. Керісінше, белсенділік танытып, ой-пікірлерін ортаға салды. Көтерілген мәселелердің қатарында ауылға жаяу жүргіншілер жолын салу, бейіттерді қоршау, медициналық пунктті білікті мамандармен қамту, білім беру ордасын күрделі жөндеуден өткізу, ағын су мөлшерін молайту, қараусыз жүрген иттерді аулау, саябақты реттеп, оған сән кіргізу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, жер және көгілдір отынға қатысты түйткілді сауалдар болды. Қойылған сауалдардың бәріне аудан әкімі жеке-жеке жауап беріп, ұтымды ұсыныстар бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Аудан басшысы жиын соңынан тұрғындарды жеке де қабылдап, олар көтерген мәселелерді оң шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Айдана Мақсұт.