Жеңіс туы желбіресін!
98 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі №88 – V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатындығын атап көрсеткен.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
– көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
– мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
– мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
– мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
Жаннұр Кексрауов,
«Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы.