Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Қорағаты ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер
Берік Өтегенұлы Жайғарбековтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Берік Өтегенұлы Жайғарбеков 1981 жылдың 7 наурызында Тұрар Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қорағаты ауылындағы №7 орта мектептің табалдырығын аттап, 1998 жылы аталған білім ошағында 11-ші сыныпты бітіріп шыққан. 1998-1999 жылдар аралығында «Қорағаты» қой совхозында әр түрлі жұмыстар атқарған. 1999 жылы Құлан ауылшаруашылығы колледжінің ветеринария мамандығына оқуға түсіп, осы оқу ордасын 2002 жылы оқуға түскен мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002 жылдың желтоқсан айында әскери борышын өтеуге шекарашылар қатарына әскерге шақырылып, 2004 жылы Жаркент қаласындағы ПС КНБ РК № 2019 әскери бөлімінен сержант шенімен азаматтық борышын өтеп келген. Еңбек жолын Қорағаты ауылдық округінен жұмыс істеп бастаған. Яғни 2005 жылдың ақпан айынан 2010 жылдың желтоқсан айына дейін Қорағаты ауылдық округінде лицензияланған мал дәрігері болып еңбек еткен. 2011 жылдың ақпан айында Меркі ауданы, Сұрат ауылдық округі әкімдігіне бас маман ветеринар болып тағайындалып, 2015 жылдың қыркүйек айынан қазіргі күнге дейін аталған мекемеде бас маман қызметін атқарып келеді. Отбасылы. 4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіріп отыр.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті ауылдастар! Мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен Қорағаты ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер ретінде тіркеліп, өздеріңізге сайлауалды бағдарламамды ұсынып отырмын. Қазіргі таңда әрбір қазақстандықтардың басты арманы – әділетті, дамыған, өркениетті елде, яғни жаңа Қазақстанда өмір сүру екенін айтқым келеді. Сіздер сенім білдірсеңіздер, алдыма бірнеше мақсат-міндеттер қойып отырған жайым бар. Алдымен ауылдық округтің даму жоспарын округтегі мекеме басшыларымен, ауыл тұрғындарымен, ақсақалдар алқасы, аналар алқасы мүшелерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, алдағы 4 жылға даму жоспарын бекітуге, ауылды абаттандыру ісі мен көгалдандыру бойынша тиісті жұмыстарды басты назарға алуды көздеп отырмын. Сондай-ақ, ауылдың ішкі тәртібі мен тазалығын басты назарда ұстауға, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылымыздың жастары өз кәсіптерін ашып, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына бағыт-бағдар көрсетуге қолымнан келгенше тырысамын. Егерде Қорағаты ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатым болсам, осы уақытқа дейін жинаған бар тәжірибем мен күш-жігерімді ауылымыздың көркеюі мен экономикалық жағынан дамуына барынша өз үлесімді қосатын боламын.
18 мамырда өтетін сайлау күні өз таңдауыңызды жасаңыз!