Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Тереңөзек ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Жандар Жанатбайұлы Баялиевтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Жандар Жанатбайұлы Баялиев 1976 жылдың 30 қыркүйегінде Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Жамбыл атындағы №15 орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, осы мектепті 1993 жылы бітіріп шыққан. 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1997 жылы осы институтты «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2014 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша диплом алған. 1997 жылдың шілде айында «Мақпал»шаруа қожалығында «хатшы-экономист-менеджер» болып жұмыс істеген. 2000 жылдың 7 қаңтарынан бастап, 2000 жылдың 13 маусымына дейін Жамбыл облысы бойынша Кеден қызметінің «Қарахан» кеден бекетінде инспектор қызметін атқарған. ҚР кеден органдарындағы үздіксіз еңбек өтілі – 14 жыл 10 ай 11 күнді құрайды. 2014 жылдың 18 қазанынан бастап, 2019 жылдың 15 шілдесіне дейін Алматы қаласында мемлекеттік кірістер органдары мен ҚР қаржы мониторингі органдарында үздіксіз 4 жыл 7 ай 27 күн қызмет еткен. 2022 жылдың 15 сәуірінен бастап, Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді. Отбасылы. 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындары! Мен сайлауалды бағдарламам да құрғақ сөзді емес, нағыз іскерліктің үлгісін көрсетер тірліктерді атап өтуді жөн көрдім. Иә, қазір мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау көп. Дегенмен, оған көп адам қол жеткізе алмайтыны да рас. Көбісі дұрыс бағытты қайдан аларын нақты білмейді. Сондықтан мен сондай адамдарға өзімнің көмегімді тигізсем деймін.
Тереңөзек ауылдық округі бірлігі мен берекесі артқан, көпшілікке үлгілі ауылдық округ. Бұл ауылдық округтегі жастардың да белсенді екенін мен жақсы білемін. Өзімнің туған ауылымның көркейгенін мен де қалаймын. Бірлесіп, еңбек етсек, көп нәрсе өздігінен шешіледі. Егерде ауылдық округтің әкімі лауазымына сайланатын болсам, ауылшаруашылығы саласына айтарлықтай көңіл бөліп, кооперативтер құру арқылы өнім өткізудің тиімді жолдарын ұйымдастыруға, фермерлік шаруашылықтарға арналған ветеринарлық қызмет пен агрономиялық кеңес қызметін тұрақты етуге, ауылішілік жолдарды күтіп ұстау және кезеңімен жөндеуге, электр желілерін жаңартуға, ауыз су жүйелерін қалыпты жағдайда ұстауды, толық қамтамасыз етілмеген көшелерге ауыз су жүйесін тартуға, ауылдық округтегі кен орынында жұмыс істеушілерге және ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламамен үй салынуына ықпал етуге, интернет пен ұялы байланыстың сапасын жақсартуға қолымнан келгенше күш салар едім. Сондай-ақ, ауыл жастары үшін кәсіби бағдарлау және білім гранттары туралы кеңестер ұйымдастыруға, спорт кешенін салуға ықпал етуге және мәдениет үйін жөндеу немесе қайта жаңғырту бағытында да тиісті жұмыстар атқарар едім. Әкімдік қызметінде ашықтық қағидатын ұстану, қоғамдық қабылдауды апта сайын өткізіп, ауыл тұрғындарының мәселесін тұрақты бақылау, барлық жоспарлы жұмыстар мен бюджет туралы тұрғындарға жүйелі түрде есеп беру – менің басты мақсатым болмақ. Мені қолдасаңыздар, көпшілікпен бірге кеңесіп, әр тұрғынның үніне құлақ асып, туған өлкеміздің гүлденуіне бар күшімді салатын боламын.
18 мамырда дауысыңызды маған беріңіз. Тереңөзектің болашағы – бірлік пен еңбекте!