Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданының түрлі ауылдарында мектеп оқушылары мен жастарға есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, есірткінің қауіптілігі туралы ақпарат беру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Іс-шараларда психологиялық тренингтер мен ашық әңгімелесулер өткізілді. Мысалы, Құлан мектеп-гимназиясында психолог Шолпан Рахымбердиева мотивациялық бағытта тренинг өткізіп, жастарға есірткіге тәуелділіктің салдары мен одан сақтану жолдары туралы терең ақпарат берді. Сонымен қатар дұрыс орта мен отбасылық қолдаудың маңыздылығы да сөз болды. Қатысушылар спикермен ашық диалогқа түсіп, пікір алмасты. Осылайша оқушыларға өз болашағына жауапкершілікпен қарау дәріптеліп, есірткі сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу үшін ішкі тәртіп пен дұрыс ортаның маңызды рөл атқаратыны айтылды. Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектебінде өткен кездесу барысында да оқушыларға нашақорлықтың адам психологиясына тигізетін зияны мен оның отбасылық және әлеуметтік өмірге кері әсері туралы түсіндірілді. Психолог жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының депутаты Лесбек Азамат Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде өткізілген іс-шарада жастар тәрбиесінде отбасының, білімнің және дұрыс орта таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол есірткінің адам өміріне әкелетін зиянды салдарын нақты мысалдармен түсіндіріп, нашақорлықтың тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсер ететінін айтты. Сонымен қатар жастарға өз болашақтарына жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Кездесу барысында ол жастардың құқықтық сауаттылығы, салауатты өмір салты мен қоғамдағы белсенділіктің маңызы туралы да ой бөлісті. Бұл кездесулердің бәрі жастарға өз болашағына саналы көзқараспен қарауды, азаматтық жауапкершілікті арттыруды, сондай-ақ, есірткі мен басқа да зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіруге бағытталды.
QT – ақпарат.