Қайыңды ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Сапар Тілеубердіұлы Құлмановтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

47 Views

Қайыңды ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Сапар Тілеубердіұлы Құлмановтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны
1973 жылдың 3 шілдесінде Подгорный ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының «Инженер-экономист» мамандығы және 2006 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Қайыңды ауылындағы «Мақпал» қой совхозында бухгалтер болып бастаған. 1999-2006 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман, 2006-2010 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі дене тәрбиесі және спорт бөлімінде бас маман, 2010-2013 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінде бас маман болып еңбек еткен. 2013 жылдың 11 қаңтарынан 2013 жылдың 12 тамызына дейін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сектор меңгеруші, 2013-2014 жылдары Новосель ауылдық округінің әкімі, 2014-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директордың уақытша міндетін атқарушы болды. 2015-2023 жылдар арасында Тұрар Рысқұлов аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры болды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап, Тұрар Рысқұлов аудандық «Мансап» орталығының директоры болып, еңбек етіп келеді.
Отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті ауыл тұрғындары! Ауыл – елдің іргесі, ұлттың негізі. Мен ауылдық округ әкімі лауазымына үміткер ретінде жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдың әлеуетін тиімді пайдалану және тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында нақты, нәтижеге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын. Сайлауалды бағдарламам келесі басым бағыттарды қамтиды. Мектеп, балабақша, медициналық пункт, мәдениет үйі мен кітапхана секілді әлеуметтік нысандардың қызметін қолдау, заманауи талаптарға сай жабдықтау, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын тиімді жүзеге асыра отырып, білімді де білікті жас мамандарды тарту және оларға қолдау көрсету, әлеуметтік әлсіз топтарға тұрақты көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бар күш-жігерімді саламын. Ауылдық округ тұрғындарына шағын және орта бизнесті, әсіресе ауылшаруашылық бағытындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін кеңестер, жеңілдетілген несие мен мемлекеттік гранттарды алуға жәрдемдесуге, жылыжай, бау-бақша, мал шаруашылығы жобаларын көбейту арқылы ішкі сұранысты қамту және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға да өзімнің тарапымнан жұмыс атқармақ ниеттемін. Жастардың спортпен, өнермен, ғылыммен шұғылдануына жағдай жасауға, жастар ұйымдарының белсенділігін арттыруға, олардың бастамаларына қолдау көрсету арқылы ауылда тұрақтауларына ықпал етуге де мен әзірмін.
Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылау, тұрғындармен тығыз кері байланыс орнату, әкімдік жұмысын ашықтық қағидаттарына негіздеу, есеп беру кездесулерін тұрақты өткізу де жоспарымда бар.
Құрметті сайлаушылар! 18 мамырда ауылдық округ әкімінің сайлауында мені қолдаңыз. Мен әрбір ауыл тұрғынының аманаты мен сенімін терең сезіне отырып, сіздермен бірге ауылдың көркеюі үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий