Жас спортшыны жеке қабылдады

100 Views

Спорт – табандылық пен еңбекке сүйенетін даңғыл жол. Осы жолда талмай тер төгіп, биік белестерді бағындырып келе жатқан аудан спортшылары жетерлік. 

Олимп шыңын бағындырған ағаларының жолын бүгінде қарақаттық Айдана Әбдікерім лайықты түрде жалғап келеді. Күні кеше ғана ол Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айдана бүгінде Жамбыл облы­сы­ның құрама командасының мүшесі әрі спорт шеберлігіне үміткер. Осы жетістіктерінің артында кәсіби ба­ғыт көрсеткен жаттықтырушысы Есдәулет Жайлауұлы Құрман­таевтың да еңбегі орасан зор.
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов жас спортшыны, оның бапкерін және ата-анасын жеке қабылдап, алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік тілеп, құрмет көрсетті.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий