Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
93 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық ардагерлер кеңесі және облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Естеріңізде болса, бұл байқаудың аудандық кезеңінің өткендігі туралы біз газетімізде мақала жазған едік. Айта кетейік, «Жеңіс туы желбіресін!» байқауы 4 сәуірде бастау алып, оған облыс бойынша 100-ге жуық үміткер қатысып, 4 номинацияда бақ сынады. Сөз арасында айтып отырғанымыз сол. Ауданымыздан 4 үміткер, яғни «Вокал» номинациясында Роза Серікбаева, Гүлназия Пірімқұлова, «Аспаптық өнер» номинациясында «Сұлутөр» халықтық вокалды ансамблі, «Би» номинациясында Ирита Молдасанова байқаудың аудандық кезеңінде жақсы өнер көрсетіп, облыстық кезеңде бақ сынауға жолдама еншілеп алған болатын. Аудандық кезеңнен іркілмей өткен үміткерлер облыста да сәтті өнер көрсетті. Олар «Баласағұн» орталық концерт залында өткен гала-концертте де жүлделі орындарды иеленіп, ауданымыздың мерейін арттырған жайы бар.
Марат Жолдасбекұлы.