Үй ауласында және көше бойында қоқыс және қураған шөп жағу қандай жауапкершілікке әкеледі

68 Views

Көктем мезгілінде де, күз мезгіліндегідей, жеке сектор­дағы тұрғындар өздерінің учаскелерін, үй маңындағы алаңдарды тазалайды. Бірақ қоқысты жағу – көптеген адамдар істейтін заңсыз әрекет. Бүгін біз мұндай құқық бұзушылықтар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын және дұрыс от жағу тәсілдері туралы айтып береміз.
Егер сіз костер жағатын болсаңыз, бұл белгілі бір ережелер мен заң та­лап­тарын сақтауды қажет етеді. Себе­бі ғимараттарға жақын немесе тау ете­гіндегі жағып қойылған оттар көбінесе өртке себеп болуы мүмкін.
Жауапкершілікке келетін болсақ, 1 баб – ҚР Әкімшілік кодексінің 336-бабы «Атмосфералық ауаның және өрт қауіпсіздігін қорғау талаптарын сақтамау». Бұл баб бойынша:
– жеке тұлғаларға – 20 АЕК айыппұл;
– лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК;
– кіші кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК;
– үлкен кәсіпкерлік субъектілеріне — 500 АЕК.
Тағы бір баб – Әкімшілік кодекстің 410-бабы, «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда». Бұл баб бойынша:
– бірінші бұзушылық үшін – 5 АЕК айыппұл;
– байталанған бұзушылық үшін жеке тұлғаларға – 10 АЕК, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, үлкен кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК.
Егер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдарынан өрт шықса және адам немесе үлкен көлемде мүлік зардап шексе, іс қылмыстық құқық бұзушылыққа ауысуы мүмкін.
Қоқыс жағуға рұқсат етіледі. Бірақ қауіп­сіздік ережелерін сақтау қажет. Қоқыс жағу тек күндізгі уақытта жүзе­ге асырылуы керек. Жанында өрт сөндіргіш немесе су болуы қажет. Қоқыс жағылғаннан кейін отты толық өшіріп, жермен жабу керек. Сонымен қатар өртті ғимараттарға жақын (50 метр­ден кем емес) және айналадағы бұтақтар мен жапырақтардан алшақ жерде жағу қажет.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: