Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
ӨМІРБАЯНЫ
Қаблет Қанатұлы Абдрахманов 1990 жылдың 11 тамызында Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжін «Темір жол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы және өндірістік құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» кампусынан «Құрылыс» мамандығын да алып шыққан. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2011 жылы Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. 2013-2021 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2022-2023 жылдары аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды. 2023 жылдан қазіргі кезге дейін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы. 2 ұл, 1 қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Жаңатұрмыс ауылдық округінің тұрғындары! Егерде мен Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін жұмсайтын боламын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жобаларын жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылай қолдауы шеңберінде ауылдық округте жүйелі және сапалы түрде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру. Денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларына жоғары білімді, білікті мамандарды тарту.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды ауылға тарту бағытында жұмыс істеу. Ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниеттенген тұлғаларға көмек көрсету, жылыжайлар жұмысын жандандыру және оның сапасын арттыру. Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасау. Және округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсететін боламын. Болашақ – жас ұрпақтың еншісінде! Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына қолдау көрсету қажет. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ тұрғындарының санын арттыруға күш салсам деген ниетім бар. Ауылдағы саяси ахуалдың тұрақты болуын басты назарда ұстап, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуы үшін қоғамдастық, ардагерлер кеңесі, жастар ұйымы жұмысының белсенділігін арттырамын. Шағын және орта бизнеспен айналысуға ауыл тұрғындарын көптеп тарту, ауыл шаруашылығына басым бағыт беру, ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру, өндіріске жаңа сұрыптарды енгізе отырып, жоғары өнімдер алуға қол жеткізу – басты мақсат болмақ.
18 мамырда өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында мені қолдап, дауыс беріңіздер.