Тереңөзек ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Мансұр Ярахметұлы Рысбаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

49 Views

Өмірбаяны
Мансұр Ярахметұлы Рысбаев 1976 жылдың 18 наурызында Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл зоотехникалық малдәрігерлік техникумын «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп, талдау және бақылау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Ақыртөбе әкімшілігінде инспектор болып бастаған. 2002-2008 жылдары Ақыртөбе әкімшілігінде маман, 2008- 2010 жылдары Ақыртөбе әкімшілігінде бас маман, 2011-2012 жылдары Ақыртөбе әкімшілігінде әлеуметтік маман, 2012 жылы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер, 2012-2017 жылдары Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман, 2017-2021 жылдары Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып еңбек еткен. 2021 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарады.
Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындары! Менің сайлау­алды бағдарламамның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және стратегиялық құжаттары аясында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму қар­қынын арттыруға, халықтың тұрмыс сапа­сын жақсартуға, қоғамдық тұрақ­тылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Ауылдық округке әкім болып сайла­натын болсам, ҚР Президентінің Жолдаулары мен Үкіметтің страте­гиялық бағдарламалары негізінде ауыл­дық округтің даму жоспарын жүйелі іске асыруға, «Ауыл – ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» секілді мемле­кеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға қолымнан келген­ше жұмыс жасар едім. Ауыз су, кәріз, электр жүйелерінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарын да жүйелі жүргізу – менің жұмыс жоспарымның негізгі бағыты болмақ. Округтегі мектептер мен балабақшаларға тұрақты қолдау көрсету, ауылшаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты әлеуметтік көмек көрсету, жастар саясатын күшейтуге, мәдени шараларға белсенді қатысу мүмкіндіктерді арттыруға көңіл бөлемін. Ауыл кітапханасы, мәдениет үйі, клуб жұмыстарының жандануына қолдау көрсетуге, ұлттық рухты, отбасылық құндылықтарды, тарихи сана мен мәдени мұраны насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу аса маңызды. Мен оған баса назар аударамын. Қоғамдық тыңдаулар мен тұрғындар жиындарын тұрақты ұйымдастырып, халық пікірін шешім қабылдау кезінде ескеруге, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу бағытында нақты мониторинг және талдау жүргізуге де мен әрқашан дайынмын. Мен ауыл тұрғындарының мүддесіне адал қызмет етуге, әрбір мәселені нақты шешуге және елдік мұраттарды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуге әзір екенімді айтқым келеді. «Сенім – күш, ынтымақ – береке, еңбек – нәтиже». Менің жұмысым осы категорияға негіз­делген.
18 мамырда мені қолдап дауыс берсе­ңіздер, өкінбейсіздер. Ауылды көр­кейту – бәріміздің ортақ мінде­тіміз!

Поделиться ссылкой: