Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Жеңіс Бақытбекұлы Әділов 1985 жылдың 10 мамырында «Алғабас» совхозында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясына оқуға түсіп, 2008 жылы осы оқу орнын «Заңгер-маман» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2008 жылы №41 Малдыбай орта мектебінде зертханашы болып бастаған. 2009-2010 жылдар аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Оңтүстік өңірлік қол басшылығы, Талғар ауданы, Қызыл-Ту ауылы 97617 «к» әскери бөлімінде отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. 2010-2013 жылдар аралығында Малдыбай орта мектебінің зертханашысы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2013 -2020 жылдар аралығында Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек еткен. 2020- 2022 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, аудан әкімі аппаратының басшысы болды. 2022-2023 жылдар аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысып, «Кулпия» ЖК-де қызмет етуде.
Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындары! Мен бұл ауылға бөтен адам емеспін. Бұған дейін де ауылдық округтің әкімі аппаратында жұмыс жасадым. Өздеріңізбен талай тірліктің басы-қасында болып, бірлесе жұмыс жасадық. Аудандық әкімдікте де басшылық қызметте еңбек еттім. Көп тәжірибе жинақтадым десем болады. Қадірлі ауыл тұрғындары, осы жолғы ауыл әкімінің сайлауында сіздер мені қолдайсыздар деген үміттемін. Ауылдық округ әкімінің лауазымына сайланатын болсам, ауылдық округтің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, ауылдық округке отандық, шетелдік инвесторларды тарта отырып, жұмыссыздықпен күресіп, бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтуға, ауылдық округтегі елді мекендерді көріктендіру мен абаттандыруды одан әрі жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды, қоғамдық тәртіптің сақталуына, сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру бағытында еңбек ететін боламын. Сондай-ақ, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді, қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын. Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда Ақыртөбе, Малдыбай ауылдарындағы ауыз су құбыры желілерін қайта жаңартылуына және салынуына, Ақыртөбе, Малдыбай ауылдарының жайылым жер мәселелерін шешуге, Малдыбай ауылындағы «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен басталған мектеп құрылысын, мектептің сапалы салынуын қадағалап, мердігердің уақтылы жұмыстарын аяқтауды бақылайтын боламын.
18 мамырда сайлау учаскесіне келіп, таңдауыңызды жасаңыз!