Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Марғұлан Сырымұлы Мұсаханов 1993 жылдың 12 мамырында Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы осы жоғары оқу орнын тәмамдаған. 2018 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент университетінің «Экономика» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы бакалавр дәрежесі бойынша диплом алған.
Еңбек жолын 2012 жылы №13 Тараз теміржол колледжінде оқу өндірісінің шебері болып бастаған. 2014-2017 жылдар аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-нің директорының орынбасары, 2017-2023 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау секторының меңгерушісі болды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап, қазіргі таңға дейін Тұрар Рысқұлов аудандық «Мансап» орталығының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сектор меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. 2 қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Өрнек ауылдық округінің тұрғындары! Өрнек ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда сіздердің сенімдеріңізге ие бола отырып, ауылымызды дамытуға өз үлесімді қосуға ниеттімін. Менің басты мақсатым – халықтың қажеттілігіне құлақ түріп, нақты әрекеттер жасау. Мен ұсынған бағдарлама бос уәде емес, өміршең жобалар мен нақты істер жоспары. «Сенім – жауапкершілік, ал іс – нәтиже» деген ұстаныммен әрекет етемін. Сіздердің қолдауларыңызбен өзім межелеген жоспарларды іске асыруға дайынмын!
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасау;
– Халықпен ашық диалог. Ай сайын тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, ашық онлайн платформалар арқылы ұсыныс-пікір қабылдап, әкімдіктің шешімдері мен шығындарын жария түрде баяндау;
– Әлеуметтік қолдау және денсаулық. Әлеуметтік әлжуаз топтарға нақты қолдау бағдарламалары, медициналық пункттер, дәрігерлердің қолжетімділігін арттыру, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қызметтер;
– Білім және жастар. Балабақшалар мен мектептердің инфрақұрылымын жақсарту, балалар мен жастар үшін үйірмелер мен спорт секцияларын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау орталығын құру;
– Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп. Қоғамдық орындардағы бейнебақылау жүйелерін кеңейту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полициямен бірлесу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестер;
– Ашық әкімдік және қоғамдық қатысу. Әкімдіктің жұмысын ашық ету. Онлайн трансляциялар, есеп беру кездесулері, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру, қоғамдық кеңестер арқылы маңызды шешімдерді талқылау – менің жұмыс жоспарымның негізгі бағыттары болмақ.
Құрметті сайлаушылар! Менің басты мақсатым – тұрғындармен ашық байланыс орнату, олардың пікірін тыңдау және ортақ шешімдер арқылы ауылдық округті дамыту.
Құрметті сайлаушылар! 18 мамырда мен өздеріңізден қолдау күтемін.