Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Айбек Қайырбекұлы Абишев 1976 жылдың 9 мамырында Жамбыл облысы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі болып бастаған. 2007-2011 жылдары Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2011-2013 жылдары Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары болды.
2013-2017 жылдары Қайыңды ауылдық округінің әкімі, 2017-2021 жылдар аралығында Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі болды. 2021 жылдың 27 шілдесінен бастап, Өрнек ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда. 1999 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындары! Ауылымызды көркейту – барлығымыздың азаматтық парызымыз. Егерде мен Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, ауыл әкімінің тиісті заңнамалармен бекітілген құзыретіне кіретін міндеттерді жүргізетін боламын. Ол үшін Сіздердің қолдауларыңыз керек! Шағын және орта кәсібін ашатын азаматтарға берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар мен шағын несиелерді алуына, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық округ тұрғындарына 2,5% жеңілдетілген несие алуға қол ұшын созамын. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларының дамуына және азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында кешенді жоспарлар бойынша жұмыстар жүргізуге көңіл бөлемін.Жұмыссыздықты азайту мақсатында мал шаруашылығын дамытуға, үкімет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелерді ауыл тұрғындарының алуына ықпал етемін.
Ақыртөбе ауылынан заманауи спорт алаңшалары мен бүлдіршіндер үшін ойын алаңшалар орналастыруға, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ден қоямын. Ауылдық округтегі әлеуметтік нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, Ақыртөбе, Малдыбай ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қолымнан келер шаруаның барлығын жасаймын. Малдыбай ауылындағы балабақша мәселесін шешуге, Ақыртөбе ауылынан орталық саябақ ашылуына, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жандандыруға да күш саламын. Ауылдың кадрлық әлеуетін арттыру, ауылға жұмыс істеуге келген жастарға көмек көрсету, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету әрқашан менің назарымда болады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жас мамандарды тарту жұмыстарын жүргізуге, халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға жиған тәжірибемді салып, жұмыс жүргізетін боламын.
Ақыртөбе ауылдық округінде мен бұған дейін де әкім болған едім. Сонда өздеріңізбен көп жайтты ақылға салып, біраз шаруа тындырған едік. Осы жолғы ауылдық округ әкімінің сайлауында да мен өздеріңізге сенім білдіре отырып, додаға түсіп отырмын. Осы жолы мені қолдайсыздар деп ойлаймын.
18 мамырда мен өздеріңізден қолдау күтемін!