Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Әбіләшім Анварбекұлы Мырқасымов 1991 жылдың 9 шілдесінде Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына «Бастапқы әскери даярлық» мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, 2014 жылы аталған оқу ордасын тәмамдаған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2014 жылы Тараз қаласындағы «Тарлан Сарбаз» ЖШС-нен бастаған. 2014-2017 жылдар аралығында Тараз қаласындағы «Тарлан Сарбаз» ЖШС-інде күзетші, 2017-2019 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Көкдөнен ауылдық округі бойынша инспекторы, 2019-2020 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы, 2020-2021 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2021-2023 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры болды. 2023 жылдың 13 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары болып қызмет атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Өрнек ауылдық округі ауданнан шалғай жатса да, бұл ауылдық округтегі жалынды жастардың қарым-қабілетін мен жақсы білемін. Өзім аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінде еңбек ететіндіктен, көптеген іс-шараларда мен бұл ауылдық оругтегі жастардың кез келген жарысқа болсын, іс-шараға болсын, тыңғылықты дайындалатынын да білемін. Егерде мені қолдасаңыздар, мен ауылдық округ жастарына әрқашан қолдау көрстетуге дайынмын.
Өрнек ауылдық округі аудан аумағындағы үлкен ауылдық округтің бірі. Егер мен сіздердің сенімдеріңізге ие болып, Өрнек ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлансам, алдағы 4 жылда ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, көп мәселенің түйінін шешуге қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Ауылдық округтегі аға буынның да, орта буынның да және жастардың да кез келген айтар ұсынысын мен өз бақылауымда ұстар едім. Аудандық немесе облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс беріп, тозығы жеткен су құбырларына, жалпы ауылдағы ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тұрғындардың күнделікті тұрақты түрде таза ауыз суды пайдалануына ықпал ету – менің негізгі жұмыс жоспарымның бірі болмақ. Ауыл жастарын мамандығына сай жұмысқа орналасуына ықпал етуге, техникалық және өндіріс саласы бойынша мамандығы бар ауыл жастарын жұмысқа орналастыруға ықпал жасайтын боламын. Ауылдағы көше тазалығын қалыпты жағдайда ұстау, ауылды көріктендіру және көгеріштендіру, ауыл көшелерін жарықтандыру және ауылішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге де басты назар аударсам деймін. Ауылдық округтегі кәсіпкерлерге де қолдау білдіремін. Ауылдағы шағын және орта бизнестің барынша дамуы үшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, ауыл тұрғындарының төменгі пайызбен несие алуына, қайтарымсыз грант қаражаттарына қол жеткізуіне жәрдемші боламын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды және осал топтарға жататын азаматтарды қолдауға арналған шаралардың іске асуын қолға алуды межелеп отырған жайым бар.
18 мамырда сіздерді ауылдық округ әкімінің сайлауына белсене атсалысуға шақырамын. Ең бастысы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!