Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Қанат Төлеуұлы Смат 1976 жылдың 8 наурызында Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит, экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы «Бекболат» өндірістік кооперативінің мүшесі болып бастаған. 1999-2006 жылдары «Бекболат» өндірістік кооперативінде есепші, 2006-2007 жылдары Тұрар Рысқұлов аудандық статистика бөлімі санақ бөлімінің меңгерушісі-штаттан тыс маманы, 2007-2009 жылдары Тұрар Рысқұлов аудандық статистика бөлімінің штаттан тыс маманы, 2009-2011 жылдар аралығында Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында статист болып еңбек еткен. 2011-2012 жылдар аралығында Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман, 2012-2019 жылдар аралығында Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2019 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында Құмарық ауылдық округінің әкімі болды. 2019-2021 жылдары Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2021 жылдың 27 шілдесінен бастап, Тереңөзек ауылдық округінің әкімі болып еңбек етіп келеді. 2005 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындары! Мен мемлекеттік қызметте әбден ысылып, тәжірибе жинақтаған азаматпын. Ауылымның әрбір мәселесін мен жақсы білемін. Осы жолы да сіздерден үлкен қолдау күтемін. Егерде Тереңөзек ауылдық округі әкімінің лауазымына сайланған жағдайда өзімнің білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп-гүлденуіне аянбай еңбек ететін боламын. Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, жұмыссыздықты азайту. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту, әсіресе, жаңа инновациялық жаңалықтар, су үнемдеу технологиясы және тамшылатып суару жүйесін енгізу. Ауыл жастарына қолдау көрсету, жаңа идеялар мен кәсіп ашуға бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін боламын. Ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу. Тереңөзек ауылының кіре берісіне «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 5 гектер жерге тал егу, ауыл тұрғындары мен жастарының бос уақытын тиімді пайдалануы мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Тереңөзек ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстарына бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін округке қарасты Көкарық және Шолаққайыңды ауылдарына 120 орындық мектеп салуға да ықпал етсем деймін. Округке қарасты Шолаққайыңды ауылындағы Б.Момышұлы, Т.Байдосов көшелеріне, Көкарық ауылындағы А.Жүнісқадыров көшесінің бұрылысына, Тереңөзек ауылындағы Жамбыл-Алтынсарин көшелерін жалғайтын жерлерге асфальт төсеу жұмыстары да менің басты назарымда болады. Ауылдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді тау суымен суару үшін тау етегінен су қоймасын салуға ықпал етемін. «Ауыл аманаты» жобасын ауылдық округте жүзеге асыру мақсатында орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолға аламын.
Құрметті сайлаушылар!
18 мамырда мені қолдап, дауыс береді дегенге өз басым сіздерге сенемін. Ауылымызды бірге көркейтейік!