Өрнек ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Бекет Қадірұлы Жиенқұловтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

56 Views

Өмірбаяны
Бекет Қадірұлы Жиенқұлов 1966 жылдың 28 мамырында Жарлысу ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1981 жылы «Алғабас» қой совхозында жұмысшы болып бастаған. 1983 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтына оқуға қабылданған. 1984-1986 жылдары Белорусь мемлекетінде Стратегиялық бағытты ракеталық қарулы (РВСН) әскери күштерінде әскерде болған. 1987-1991 жылдары оқуын жалғастырып, инженер-технолог мамандығы бойынша диплом алған. 1991-1994 жылдары Жамбыл тігін өндірісінің Өрнек ауылында орналасқан «Сұлу» тігін фирмасында басшылық қызмет атқарған. 1994-1997 жылдары Жарлысу ауылындағы «Әділет» жастар орталығының жетекшісі, 2000 жылы Ақыртөбе ауылдық округі әкімдігінде әскери-есеп маманы, 2001-2004 жылдары алғаш құрылған Өрнек ауылдық округінің әскери-есеп маманы, 2004-2007 жылдары «Есім-Би» ЖШС-нің жетекшісі болды. 2008-2013 жылдары Ислам Байрамуков атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, 2013-2014 жылдары Атырау қаласындағы «Юлмар»-Сервис ЖШС-нің жұмыс­шысы, 2014-2016 жылдары Шу қаласының «Казстройсервис» құрылыс компаниясында 4-ші дәрежелі ағаш ұстасы, сондай-ақ, 2016-2022 жылдары «Есім-Би» шаруа қожалығының басшысы болды. 2022-2024 жылдары Өрнек ауылдық округінің әскери-есеп маманы, 2024 жылдан Өрнек ауылдық округінің бас маманы болып еңбек етіп келеді. Отбасылы. 1 ұл, 3 қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Өрнек ауылдық округінің тұрғындары, қадірлі сайлаушылар! Мен Өрнек ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, қа­зір­гі таңда ел арасында жиілеп бара жат­қан мал ұрлығы, жастар мен жас­өс­пірімдердің заңсыз әрекеттері, ауыл, көше тәртібіне көңіл бөлу сияқты мәсе­лелерді басты назарда ұстай отырып, құқық қорғау қызметкерлерімен бірге мақсатты түрде жұмыс жүргізетін боламын. Жергілікті өзін-өзі басқару барысында мемлекет тарапынан қарастырылған әрбір қаражаттың мақсатты жаратылуын қамтамасыз етемін. Берілген қаражатты жыл бойына толық игеріп, нақты, таза есеппен жүргізілуіне басшылық етемін. Өрнек аймағында тек Жарлысу ауылында ауылдық клуб жұмыс істеп тұр. Клубтың жұмысын мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып, мәдени іс-шараларды жиі өткізуге атсалысамын. Қазіргі уақытта жастардың өз-өздерін дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынған. Жастар мәселесі мен спорт мәселесін бірге ұстанып, әр түрлі жарыстарды ұйымдастыру арқылы жастарды тәрбиелеу, оларға спорттық ұстамды мінез қалыптастыру – спорттан қол үзбеген мен үшін шешімін табатын мәселе. Ауылдық округті көріктендіру, абаттандыру ісін де қолға алмақ ниеттемін. Өрнек ауылына жаңа спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының басталуына өз тарапымнан еңбек етіп, ықпал жасасам деймін. Мәдениет үйінің де салынуына барынша қолдау көрсетсем деп отырмын. Сәлімбай ауылында су мәселесі, жол мәселесі өте күрделі жағдайда. Сондықтан бұл екі мәселені де шешу барысында көп еңбек етуге дайынмын. Жарлысу, Сұңқайты ауылдары назарымнан тыс қалмайды. Бұл ауылдар менің туған ауылым болғандықтан, шешілмей тұрған мәселелер маған белгілі. Бұл ауылдағы мәселелер де шешімін табады деп сендіре аламын.
18 мамырда өтетін Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауында мені қолдап, дауыс беріңіздер!

Поделиться ссылкой: