Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
ӨМІРБАЯНЫ
Мақсат Несіпбекұлы Несіпбеков 1989 жылдың 2 қазанында Құлан ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазмұнайГаз» АҚ Алматы қаласындағы филиалында оператор болып бастаған. 2012-2013 жылдары «Казахдорстрой-Hyundai» ЖШС-де контролер, 2013 жылы «Казахдорстрой-Hyundai» ЖШС жол жұмысшысы, 2014-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде келісімшарт негізінде техник маманы болып еңбек еткен. 2014-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде «Жастар практикасы» бойынша тәжірибеден өтті. 2015-2017 жылдары Құлан ауылдық округінің әкімі аппаратында бас маман, 2017-2018 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы болып қызмет істеген. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып абыроймен қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. Ұл-қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен Мақсат Несіпбекұлы Несіпбеков Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;
– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға атсалысуды басшылыққа алу;
– Ауылдық округтегі елді мекендерді көріктендіру мен абаттандыруды одан әрі жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;
– Салауатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елді мекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;
– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.
18 мамырда өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында мен өздеріңізден қолдау күтемін.