Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
ӨМІРБАЯНЫ
Омаров Исатай Файзуллаұлы 1983 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті бітірген. Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2004 жылы Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте вахтер болып бастаған. 2008-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Белкамит, Электрощит» заводтарында слесарь, 2014-2015 жылдары Қарақыстақ ауылдық округі бойынша «Жастар орталығы» мекемесінде маман-инструктор, 2015-2016 жылдары Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек еткен. 2016 жылдан бастап Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Жаңатұрмыс ауылында газ бар, ауыз су да кірген. Жаңа спорт кешені де салынды. Енді жаңа мәдениет ошағы салынып жатыр. Ең бастысы ауылда бірлік пен береке болса, жасалмайтын тірлік жоқ екенін осы істерден-ақ аңғаруға болады. Егерде мен Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық округ әкімінің құзыретіне кіретін жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жергілікті жердегі әлеуметтік экономикалық даму мен саяси тұрақтылықтың сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында өз білімім мен жинақтаған тәжірибемді жұмсайтын боламын. Жастардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жолында жұмыс атқаратын боламын.
Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асыруға көңіл бөлемін. Ауыл ақсақалдарынан және белсенді азаматтардан құрылған жергілікті қоғамдастықпен бірлесе жалпыға ортақ тәртіпті қадағалап, қиын мәселелерді ақылдаса отырып шешуді ұйымдастырамын. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, осал топтағы азаматтардың тыныс-тіршілігін үнемі назарда ұстаймын. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, саябақтарды көгалдандыру мен абаттандыру бағытында жұмыс жасаймын. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың бағдарламаларға қатысуына көмек беремін. Жастардың білім алуы, тұрғын үймен қамтылуы, жұмысқа орналасуы тәрізді өзекті мәселесін шешуді заң аясында жүзеге асырамын. Бұқаралық спортты тұрғындар арасында насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш саламын. Азаматтардың теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт-бағдар беруді басты назарда ұстаймын.
Құрметті сайлаушылар!
Осы айтылған мәселелердің барлығы ұдайы менің назарымда болады.
2025 жылғы 18 мамырда өзіңіздің сайлау учаскеңізге келіп, таңдауыңызды жасаңыз!