Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Нұржан Тілеуқұлұлы Сералиев 1969 жылдың 7 қазанында Қайыңды ауылында дүниеге келген. Білімі – арнаулы орта. 1993 жылы Алматы құрылыс техникумын «Техник – құрылысшы, технолог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы «Мақпал» совхозында қойшы көмекшісі болып бастаған. 1993-2001 жылдары «Мақпал» совхозында құрылыс мастері, 2001-2002 жылдары «Қайыңды» ЖШС-інде кассир, 2002-2003 жылдары «Қайыңды» ЖШС-нің кадр бөлімінің меңгерушісі, 2003-2008 жылдары «Қайыңды» ЖШС-нің төрағасы, 2008-2011 жылдары «Қайыңды» ЖШС-і төрағасының орынбасары болып еңбек еткен. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің «Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің бас орман қорғау инженері болып қызмет атқаруда. 2014 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Мені сіздер жақсы білесіздер. Белді бекем буып, өзімнің ауылыма әкім лауазымына үміткер ретінде сайлауға түсіп отырмын. Егерде Қайыңды ауылдық округі әкімінің лауазымына сайланған жағдайда барлық жұмыстарды өзіміздің Ата заңымыз бен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұйымдастыратын боламын. Ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бағдарламалар мен атқарылатын жұмыстардың Қайыңды ауылдық округінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарымен бірігіп, өзімнің білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп-гүлденуіне аянбай еңбек етемін.
Құрметті Қайынды ауылдық округінің тұрғындары! Сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттыру, спортпен шұғылдануына жағдай жасау, өскелең ұрпақтың білім мен тәрбие алуына қолайлы орта орнату. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге, ауыл жастарына қолдау көрсету, жаңа идеялар мен кәсіп ашуға бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін боламын. «Ауыл аманаты» жобасының ауылдық округте жүзеге асырылуына ықпал етемін. Округтегі жарықтандыруды және жөндеуді қажет ететін көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге тиісті мекемелер арқылы ықпал етемін. Мамайқайыңды ауылындағы Қ.Сәтбаев көшесі жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, «Батыс Еуропа – батыс Қытай» автодәлізінен Мамайқайыңды ауылының бұрылысына дейінгі ұзындығы 5,2 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тау суын егістік алқаптарға пайдалану үшін каналды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуге, Қайыңды ауылындағы «Айгөлек» балабақшасын жаңа ғимаратқа ауысуына ықпал ететін боламын. Ауыл жастарын рухани-патриоттық тәрбиелеуге, рухани әлеуеті жоғары қоғамды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге, Р.Смаилов атындағы орта мектебінің айналасын қоршау мәселесін шешуге ықпал етемін. Қайыңды ауылындағы әлеуметтік нысандарға кезең кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бар күш-жігерімді саламын!
Сіздер 18 мамырда өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында мені қолдайды деп сенемін!