Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Біржан Ноянұлы Жамбаев 1985 жылдың 19 қазанында Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп автоматтары мен машиналарын құрастыру және оның сервисі» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында инспектор болып бастаған. 2011-2012 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында инспектор болып жұмыс жасаған. 2015-2019 жылдар аралығында Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып еңбек еткен. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып абыроймен қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Қайыңды ауылдық округінің тұрғындары, қадірлі сайлаушылар! Қайыңды ауылдық округі бірлігі мен тірлігі жарасқан ауылдық округтің бірі. Қайыңды ауылдық округі ауданнан шалғай жатқан ауылдық округ болса да, кейінгі жылдары бұл ауылдық округте көптеген тірліктер атқарылып жатыр. Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары көптен күткен сапалы ауыз суды тұтынуға да жақын қалды. Былтырдан бері бұл елді мекендерге жаңа су іркуіш имараты салынып, ауылішілік көшелерге тұтастай дерлік ауыз су құбырлары жүргізілуде.
Қадірлі ауыл тұрғындары! Менің мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқаныма биыл – 10 жыл болды. Осы жылдар ішінде көп тәжірибе жинадым десем болады. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жүріп, көпшіліктің пікіріне әрқашан құлақ асуды үйрендім. Мені қолдасаңыздар, өзімнің алға қойған мақсат-мүддемді ауылдық округтің игілігі үшін іске асырар едім. Егерде Қайыңды ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатым болсам, алдымен ел Президентінің мемлекеттің мүддесі үшін жасап жатқан негізгі реформаларын, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің тиісті жұмыс жоспарын халыққа кеңінен түсіндіріп, қолымнан келетін бар мүмкіндікті ауыл тұрғындарының кәдесіне жаратар едім. Жаңа сөз басында да атап өттім ғой. Қайыңды ауылдық округінде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Алда әлі де атқарылар жұмыс аз емес деп ойлаймын. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда мына жайттарға басымдық бергенді құп көрдім. Алдымен ауылдық округ әкімінің құзіретін пайдалана отырып, округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқарсам деймін. Одан кейін уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, жергілікті қауымдастық, ардагерлер кеңесі, отбасы және әйелдер ісі кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыта отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізу. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпалын арттыруға қол жеткізу, сондай-ақ, төменгі пайызды несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын ұйымдастыру, ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау, аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстап, мұқтаж жандарға көмекті ұйымдастыру, ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу – менің жұмыс жоспарымның басты бағыттарының бірі болмақ.
18 мамырда сіздер маған дауыс береді деген үміттемін.