Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өңірімізде «Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша бастау алған «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты ауқымды форум өз мәресіне жетті. Ауданға қарасты 15 ауылдық округте 8 аймаққа бөлініп өткен іс-шаралар легінің қорытынды жиыны Құлан ауылында өтті. Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, ішкі істер мен білім бөлімдері бірлесе жүзеге асырған жоба бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Жобаның басты мақсаты – бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, жауапкершілікті арттыру. Форумға қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы мен мектептің ықпалдастығын арттыру сынды маңызды мәселелерге тоқталды. Осы орайда аудан прокурорының орынбасары Қуанышбек Қартаңбайұлы мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Жасұлан Таникеев «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың ауыр салдары туралы өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді.Сондай-ақ, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев бала тәрбиесі тек мектептің не болмаса ата-ананың ғана міндеті емес, бұл баршамыздың ортақ ісіміз деген пікірді айтты. Іс-шара барысында мектеп оқушылары тәрбиелік маңызы зор сахналық көріністер қойып, қоғамда өзекті болып тұрған мәселелерді көрермен назарына ұсынды. Балаға дұрыс бағыт берілсе елдің ертеңі де жарқын болатыны анық.Облыстық Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық та бұл пікірмен толық келіседі. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланған қоғамның ғана ұпайы түгел болатынын алға тартты. Аталмыш акция аясындағы шаралар мұнымен толастамайды. 4 тарап бірлескен жоба алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын таппақ.
Ақжарқын Мұратбек.