Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өмірбаяны
Мұратбек Дакенұлы Арыстанбек 1965 жылдың 3 қарашасында Абай ауылында дүниеге келген. 1973-1983 жылдар аралығында Абай ауылындағы орта мектепте оқыған. 1986-1991 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған. 1991-1994 жылдар аралығында Абай атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі және психолог, мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1994-1999 жылдары Каменка орта мектебінің директоры, 1999-2006 жылдары аудандық білім бөлімінің бас маманы, білім бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек еткен. 2006-2011 жылдары «Құлан таңы» газеті редакциясының бас редакторы, 2011-2013 жылдары Луговой ауылдық округінің әкімі, 2013-2017 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы болған. 2017 жылдың 11 тамызынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Абай ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда. 1998 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Қадірлі сайлаушылар! Абай ауылдық округі әкімінің лауазымына сайланған жағдайда өзімнің білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп-гүлденуі жолында аянбай еңбек етемін. Әкімдік қызмет мен үшін жат емес. Осы кезге дейін қандай да болмасын ауылдың кәдесіне жарайтын тірліктерді өздеріңізбен ақылдасып, шешіп келдік. Менің қарым-қабілетімді өздеріңіз жақсы білесіздер. Өзім туып өскен ауылымның көркейіп, гүлденгені мен үшін де үлкен абырой. Қадірлі ауыл тұрғындары! Осы жолғы сайлауда тағы да сіздер мені қолдайды деп сенемін. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда ұлттық құндылықтар мен ұлт тарихының ана тіліміздің мәртебесінің жоғарылауына барынша атсалысуды, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы қолжетімділікті, заңдылықты қамтамасыз етуді, Абай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге ықпал жасауды, жас ұрпақтың бойына мәдениеттілікті, ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін ауылда мәдениет үйі мен салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықты нығайту үшін «Сауықтыру-шынықтыру орталығын» салуға атсалысуды алдыма мақсат етіп қойып отырмын. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалануға берілетін жаңа көшелерге жол, электр желісі мен ауыз су желісін кіргізуге ықпал жасауды, ауыл көшелеріне кіші балалар ойын алаңын орнатуды, Еңбекші және Көкарық ауылдарындағы басты Қ.Сатбаев жолының солтүстік бетіне жаяу жүргіншілер жолын салуға ықпал жасауды, ауылдағы барлық ескі электр бағандары мен желілерін жаңартуға ықпал жасауды, ауыл орталығындағы балалар ойын алаңдары мен кіші футбол алаңын жөндеуден өткізуді, «Терек саябағын» қоршап, абаттандыру жұмыстарын іске асыруды, талантты, дарынды жастардың идеялары мен мақсаттарының орындалуына да ықпал жасауды, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін үйірмелер ашылуын қадағалап, спорттық іс-шараға атсалысуды, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардан қаржылай көмек алуға жәрдемдесуді, ауыл аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тыңайтылуына, экологиялық талаптардың сақталуына, тиімді дақылдардың өсірілуіне, суғарудың жаңа технологияларына қол жеткізілуіне ықпал жасауға бар күш жігерімді салатын боламын.
18 мамырда мен өздеріңізден қолдау күтемін!