Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессия аралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Аталған жоба аясында бірқатар ауылдық мектептерде маңызды кездесулер өтті. Луговой ауылындағы М.Горький, Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтбаев, Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы, Еңбекші ауылындағы Абай және Құлан ауылындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептерде өткен іс-шаралардың басты мақсаты – этносаралық келісім мен өзара сыйластық құндылықтарын жастар арасында насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдағы татулықты нығайту болды.
Кездесулерде Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек пен Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Данияр Өмірбеков қатысты. Спикерлер өз сөздерінде еліміздегі этностық алуан түрлілік – қоғамның байлығы екенін атап өтіп, бейбітшілік пен келісімді сақтау әр азаматтың азаматтық борышы екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, этностар арасындағы ынтымақтастық пен толеранттылықтың маңызы туралы кеңінен тоқталды.
Іс-шара барысында қатысушылар этносаралық қатынастардың құқықтық негіздері, тең құқықтылық, азаматтық жауапкершілік жайында пайдалы мәліметтер алды. Жастар мен ұстаздар өз ойларын еркін жеткізіп, этносаралық татулықты дамытуға бағытталған идеялар ұсынды. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы кездесулердің маңызын айқындай түсті. Мұндай шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.
QT –ақпарат.