Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен сәрсенбіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ернар Есіркепов кезекті кездесуін Ақыртөбе ауылдық округінде өткізді. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, бөлім және мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Ең алдымен Ернар Серікәліұлы тұрғындарды аудан экономикасына оң өзгерістер әкеліп жатқан жемісті жобалармен таныстырды. Олардың қатарында шағын цехтан басталып, үлкен кәсіпорынға айналған «Мұзтау» тоңазытқыштар құрастыру өндірісі бар. Аталмыш кәсіпорын дәл қазір айына 100 тоңазытқыш құрастырып, өнімдерін өзге қалаларға жіберуде. Одан бөлек Жарлысу ауылында көлік тіркемелері де құрастырылып, ондағы өнімдер тек бізде ғана емес, шет елдерге шығып, саудаланып жатыр. Сондай-ақ, Ақбұлақ ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан, өзіміздің төл брендімізге айналған «Baital» минералды ауыз суын да осы тізімге қосуға болады. Жиында аудан басшысы осы және өзге де жобалар туралы кеңінен тоқталды. Әсіресе алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар тізбектеліп, келешекте кірпіш өндіру ісі қолға алынып, ірі құс фабрикасын салу да жоспарда бар екендігі айтылды. Тіпті ауданда туризмді түлету бағытында да бірқатар бастамалар қолға алынып жатқаны баяндалды.
Кездесудің қорытынды және маңызды бөлігінің бірі – тұрғындар мәселесін тыңдау. Бұл кезеңде ауыл халқы денсаулық және мамандардың жетіспеушілігі, электр жарығы, ауыз су, жайылымға арналған жердің тапшылығы, ауылдағы пошта мекемесіндегі газдың жоқтығын алға тартты. Аталған мәселелерге қатысты аудандық ауыл шаруашылығы, денсаулық, жер қатынастары және білім бөлімдерінің басшылары сөз сөйлеп, түсініктеме берді.
Жалпы соңғы жылдары екі бірдей елдімекеннің басын құраған Ақыртөбе ауылдық округінде біршама іс өз мәресіне жеткен. Атап айтар болсақ, спорт кешені, мәдениет үйі салынған. Ірі инвест жобалар да жүзеге асырылып, Ақыртөбе ауылдық округі облыстағы «Үлгілі ауылдар» қатарына енген. Одан бөлек округке қарасты Малдыбай елдімекенінде су жаңа білім ошағы оқушыларға өз есігін айқара ашпақ.
Келелі кездесу барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы тұрғындарға «Ауыл аманаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар жайында да толық ақпарат берді.
Кеше дәл осындай кездесу жиыны Өрнек ауылдық округінде де өтті. Онда да аудан әкімі Ернар Есіркепов көптеген ауқымды жұмыстардың аудан аумағында атқарылып жатқанын баяндап берді. Содан соң тұрғындар «Сұрақ-жауап» кезеңінде сауалдар қойды. Әрбір қойылған сауалға аудан басшысы Ернар Серікәліұлы дәйекті ақпараттарды тілге тиек етіп, жауап берді.
Айдана Мақсұт.