Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларының қатарында жазылым дағдысының орны ерекше. Жазылым, ең алдымен, өнімді дағды қатарына жатады. Өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерді негізге алып жазу.
Жазылым – жүйелілік пен бірізділікті басшылыққа алатын коммуникативті әрекеттің ең күрделі түрі. Сондықтан жазу барысында қолданылатын практикалық және теориялық жұмыстар оқушының тілін дамытудың негізі болып табылады. Осыған байланысты абонемент арқылы оқушылардың сөйлеуін дамыту әдістемесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жазба жұмыстарының әрқайсысы оқушының сөйлеу тілін дамытуға тікелей әсер етеді. Сондықтан тиімді және ұтымды әдістерді таңдау керек. Мысалы, бүгінгі күні мектеп оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға, жазбаша тілін дамытуға, «СЮЖЕТ», «ИНСЕРТ», «Екі ұғым күнделігі», «Еркін хат», «Бес жолды өлең» (синхронды түрде), «Түртіп алу» жазу, «Төрт сөйлем». «Күнделікке қосарлы жазба» т.б. стратегиялар мен әдістерді қолдану өте тиімді. Бұл әдістер оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға, белгілі бір күрделі мәтінді түсінуге көмектеседі.
Жазылым – бұл оқушылардан мәтінді күрделі талдау дағдыларын меңгеруді талап ететін дағды. Жазу дағдылары арқылы оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту үшін мұғалім өздік жұмысты орындамас бұрын, бағыт-бағдар беріп, өз ойын тұжырымдауға көмектесуі қажет. Оқушылардың жазба жұмыстарында орфографиялық ережелердің сақталуына да көңіл бөлген жөн. Жазбаша жұмысты орындамас бұрын, мұғалім жұмысты бағалау критерийлерін ұсынып, жұмысты орындағаннан кейін оқушының мақсатқа жеткен-жетпегенін анықтауға назар аударуы керек. Сонда ғана мұғалім оң нәтижеге қол жеткізе алады. Интерактивті әдіс арқылы дұрыс жазбаша жұмыс жүргізу оқушының ой-өрісін шыңдап, өз бетінше қорытынды жасауға үйретеді, қағазға құрғақ жазуды ғана емес, көркем әсірелеуге де үйретеді деген қорытынды жасалады. Оқушыны өмірдегі әртүрлі жағдайлар, оқиғалар мен құбылыстар туралы қорытынды жасауға баулиды.
Жазбаша шығармалар – эссе, ойтолғау, шығарма, пікір, диктанттардың алуан түрін жазу дарынды оқушылардың дарындылығын ашуға ғана көмектесіп қоймай, басқа оқушыларды да ой-өрісі жоғары, шешен, шебер оқырман етіп тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл жұмыс түрі оқушының көркем мәтінді түсінуге, жалпы әдебиет туралы білімдерін кеңейтуге, оқығанын жан-жақты талқылап, өз сезімін, ойын жазбаша жеткізуге үйрететіні рас. Шығарманы оқушы жан-жақты түсінуі үшін оның тілін, көркемдік қуатын, поэтикалық қыр-сырын ұғыну қажет.
Болакбаева Алтын Жапарғалиқызы,
№6 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.