Айару үздіктер қатарынан көрінді
36 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Аймақ кітапханашылары мен Қарақыстақ аймақ орталығының аналар кеңесінің төрайымы Ирита Молдосановамен бірлесе отырып, 15 мамыр – Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Серік Дәлібаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова және әр ауылдық округтардың аналар кеңесінің төрайымдары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында «Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Қаракөз Жұмаханның қолөнер көрмесі жасалынып, таныстырылды. Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектептің «Алаш» театры «Әр отбасында кездесетін басты мәселе» атты сахналық қойылымын көрсетті. Іс-шарада бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарламаға ұласты.
Ғ.Алимова,
Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.