Кітап – мәңгілік елдің құндылығы

95 Views

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында жақында аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Кітап – мәңгілік елдің құндылығы» атты библиокафе өтті. Іс-шараның мақсаты – кітаптың ұлттық руха­нияттағы орны мен құн­дылығын насихаттау, оқыр­­мандардың кітап­қа деген сүйіс­пен­ші­лігін арттыру және шығар­машылық пікір алмасу арқылы әдебиетке қызы­ғушылықты ояту.
Библиокафені аудан әкімінің орын­басары Қайрат Әбілханұлы сөз сөйлеп, ашып берді.
Кітап – елдің болашағы мен рухани тірегі екендігі жайлы кеңінен әңгіме өрбіді.Оқырмандар еркін форматтағы библиокафе отырысына жиналып, өзара кітап туралы ой бөлісіп, рухани мазмұнды кездесу болды.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздері оқыған сүйікті шығармалар туралы ойларын ортаға салды. Әсіресе қазақ классиктерінің, заманауи автор­лардың шығармаларына тоқталып, қызық­ты пікірлер мен ұсыныстар ай­тылды. Сонымен қатар үздік оқыр­мандар арнайы марапатталып, олар­ға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс­талды.
Бұл библиокафе оқырман мен кітапхананың арасындағы байла­нысты нығайтып, кітап оқудың мәнін ұғындырған рухани кездесуге айнал­ды. Осындай шаралар жастарды тәрбиелеуде, кітапқа баулуда маңызы зор екені айқындалды.

Әлия Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: