Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Осы аптада Құлан агротехникалық колледжінде «Ұлттық мүдде – басты құндылық» тақырыбында кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараны аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып, оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен оның орынбасары, «Ғұмыр – Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов арнайы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық мәселелерін көтеру, оларды шешудің жолдарын қарастыру және құзырлы органдарға ұсыныстар беру.
Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, сондай-ақ, ауылдық округ ардагерлері, билер кеңесі, әкелер мен аналар кеңесінің мүшелері, колледж студенттері және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында және Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар аясындағы «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде ардагерлер ұйымдары атқарып жатқан жұмыстар. Биылдың өзінде 800-ге жуық адамды қамтыған 10-нан астам шара ұйымдастырылған. Алдағы уақытта «КІ-ТАР» зияткерлік сайысы, «Еңбегім – еліме» форумы, түрлі кәсіби байқаулар мен спорттық жарыстар өткізу жоспарланған.
Келесі мәселе 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған ардагерлер басылымына жазылу жайы қозғалды. Бұл туралы Жаңабай Миллионов мазмұнды баяндама жасап, басылымның қоғамдағы орны мен маңызын атап өтті.
Жиынды Еркінбек Солтыбаев қорытындылап, ардагерлердің ел дамуындағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер – елдің рухани тірегі, ұрпаққа бағыт беретін дара тұлғалар.
Аталған басқосу – өңірдегі өзекті мәселелерді ашық талқылауға, нақты ұсыныстар айтуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
Ақжарқын Мұратбекқызы.