Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында елге қайтарылған активтер бүгінде нақты нәтижесін беруде. Бұған дәлел – Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Рахым Сәбденов ауылында ауыз су жүйесі құрылысының басталуы. Аталған жоба қайтарылған қаржының ел игілігіне тиімді жұмсалып жатқанын көрсетеді.
2025 жылы Рахым Сәбденов ауылында ауыз су жүйесін тарту жобасы аясында жалпы 982,0 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бұл қомақты қаражат ауыл тұрғындарының көптен күткен тілегінің орындалуына жол ашып отыр.
Дәлірек айтсақ, аталған жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 280,0 млн. теңге бөлінсе, облыстық бюджеттен 159,4 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр. Нәтижесінде 2025 жылдың 7 сәуірінде «Таразстрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 439,4 млн. теңгеге келісімшарт жасалып, қаржы қазынашылық басқармасынан тіркеуден өтті. Жобаның сапалы әрі талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық қадағалаушы ретінде «Тараз-Строй-Инжиниринг –2015» ЖШС-мен келісімшарт жасалса, авторлық қадағалаушы ретінде «Интерайнс» ЖШС-гі бекітілді.
Ең маңыздысы, жобаны толық аяқтап шығу үшін арнаулы мемлекеттік қордан 542,6 млн. теңге көлемінде тағы да қосымша қаржы бөлінді. Бұл қордың қаражаты елге қайтарылған заңсыз активтерден қалыптасып отыр.
Қайтарылған активтер – ел болашағына жасалған инвестиция. Мемлекет тарапынан бұл қаражаттың нақты мақсаттарға бағытталып, ашық әрі тиімді пайдаланылуы – халық сенімін нығайта түсетіні анық. Рахым Сәбденов ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы – осының жарқын дәлелі.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.