Заңсыз төленген сыйлықақы мемлекеттік бюджетке қайтарылды

61 Views

Қазақстан Республикасы мем­ле­кеттік қызмет істері агенттігінің Жам­был облысы бойынша депар­тамен­ті­мен тұрақты негізде мемлекеттік орган­дар­дың тарапынан мемлекеттік қызмет сала­сындағы заңнама талап­тарының сақта­луына қатысты талдау жұмыстары жүргі­зіледі.
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ, мемле­кеттік әкімшілік қызметшілерге бонус­тар төлеу қағидаларының талап­тарымен сыйлықақы беруге құқық бере­тін қызметкердің қызметінің нәти­желерін сипаттайтын негізгі көрсет­кіш­тер белгіленген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде немесе тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса немесе сынақ мерзімінен өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы берілмейді.
Алайда жүргізілген талдау нәти­же­лерімен жергілікті атқарушы ор­ган­­дардың тарапынан мемлекеттік қыз­метшілерге сыйлықақы беру барысында заң­нама талаптары бұзыл­ғандығы анықталған.
Бұл ретте, Департаменттің ықпал ету шараларының нәтижесінде 4 мем­ле­кеттік қызметшінің заңсыз алынған 3 миллион 400 мыңға жуық теңгені құрайтын сыйлықақысы мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы Департаменттің басты назарында.

Р.Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

Поделиться ссылкой: