Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте жаз маусымына дайындық барысы кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде шомылу және өрт қауіпсіздігі, соңғы қоңырау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мәселелері қаралды. Аудан көлемінде шомылу маусымына орай алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. 10-нан аса рейд ұйымдастырылып, 300-ден астам жадынама таратылған. Су айдындарындағы қауіпсіздік белгілерін жаңарту қажеттігі туындап отыр. Өткен жылы суға кету дерегі тіркелмеген. Бұл – уақытылы атқарылған түсіндіру жұмыстарының нәтижесі. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қоғамдық құтқарушыларды тарту, ауылдық округтермен бірлескен іс-қимылды күшейту, балаларды қараусыз қалдырмау бағытындағы шараларды жандандыруды тапсырды. Өрт қауіпсіздігі бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда 15 ерікті өрт сөндіру жасағы құрылып, Ақыртөбе мен Луговой орман шаруашылықтарында рейдтер басталған. Биыл табиғи өрттің үш жағдайы тіркеліп, 29 гектар жер зардап шеккен. Осыған орай, орманды және далалы аймақтарда мобильді топтар құрылды. Білім саласында биыл 859 түлек 11-сыныпты аяқтайды. ҰБТ-ға 766 оқушы қатыспақ. Өткен жылы аудан түлектерінің 48,4%-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Соңғы қоңырау салтанаты 24 мамырға, аттестат тапсыру рәсімі 18 маусымға жоспарланған. Сондай-ақ, 1-10 сынып оқушыларының 74,56%-ын жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту көзделіп отыр. Аудан әкімі Ернар Есіркепов жауапты бөлімдер мен ауыл әкімдеріне судағы, өрт кезіндегі және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікке қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Жаз – қауіп пен жауапкершілік қатар жүретін мезгіл. Сондықтан аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс екендігін өз сөзінде айрықша атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.