Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай, сәрсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде кездесу өтті.
Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуге аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов қатысып, мәдениет саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық өнер иелерімен еркін пікір алмасты. Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жыл өткен сайын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келе жатқанын айтып, оның ішінде мәдениет саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғандығын тілге тиек етті. Аудан әкімі Ақыртөбе, Көгершін ауылдарында жаңа мәдениет нысаны салынып, пайдалануға берілгенін, Жаңатұрмыс ауылында жаңа мәдениет ғимараты салынып жатқанына да баса назар аударды. Кездесуде мәдениет саласының өкілдері де өз ұсыныс-тілектерін айтты. Кездесу соңында аудандық Әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлмарал Қорабаева «Қазақ мәдениетінің қайраткері», «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблінің меңгерушісі Рысбек Қадырқұлов, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Жадыра Жұмағұлова, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Берік Тауасаров «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен марапатталса, Көгершін ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Данагүл Бодауоваға аудан әкімінің Құрмет грамотасы, ал Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Азиза Исаева, Қайыңды ауылдық клубының іс-шара ұйымдастырушысы Гүлмира Аюбекова және өзге де бірқатар мәдениет саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Марат ДИХАНБАЙ. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай дайындалған материалдар топтамасын газетіміздің 2-ші бетінен оқи аласыздар.