Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осы орайда ел үкіметі жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз мамандарды қалыптастыру идеясын жүзеге асыруды көздейді.
Осы аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жұмысшы – мерейлі мамандық» деген тақырыпта салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беру, қарапайым жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру.
Салтанатты іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы Қанат Арыстанбеков, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова және мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты. Жиын барысында іргелі оқу ордаларының бірі – Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері мен ұстаздары мамандықтар жайында кеңінен ақпарат беріп, жастарды мамандық таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ, жиында мәртебелі мамандық иелері оқушыларға арнап шеберлік сағаттарын өткізіп, түрлі кеңестер берді. Оқушылар мамандардың айтқан ақыл-кеңестерін тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Айта кету керек, мұндай пікір алмасулар мен мазмұнды кездесулер жастардың саналы түрде мамандық таңдауларына ықпал етері сөзсіз. Жұмысшы мамандықтарының қоғамға тигізетін ықпалы зор екені бәрімізге мәлім. Олар – еліміздің экономикасының тірегі, өндірістің қозғаушы күші. Әрбір саланың табысты болуы жұмысшы мамандардың кәсібилігі мен адалдығына байланысты. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы жастарды еңбекке баулу – ел болашағы үшін маңызды қадам. Жұмысшы мамандықтар жылына арналған аталмыш жиын соңы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп ұжымының даярлаған концерттік бағдарламасына ұласты.
Айдана Мақсұт.