Сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған

66 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 1-бөлігімен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) көзделген қылмыс жасағаны үшін азамат Т-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотта анықталғаны, сотталушы С 2018 жылдан бастап жазбаша еңбек келісімшарт жасап, жәбірленуші Л-ның өзіне ірі қара малдары мен қойларын сеніп тапсырғанын ұғынып, 2025 жылдың қаңтар айының басында 4 бас тана мен 5 бас сиырды базарға сатқан. Содан кейін ішінен 12 бас сиырды және 6 бас тананы мал базарға тасымалдап заңсыз сатып, бөтеннің мүлкін талан-таражға салып жымқырған.
Осы қылмыстың салдарынан жәбірленуші Л-ға 14 508 745 тенге материалдық залал келтірілген.
Сот отырысында сотталушы сотта өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінетіндігін және жәбірленушіге барлық келтірілген залалды толығымен өтегенін көрсетті.
Соттың үкімімен сотталушы ҚР ҚК 189-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: