Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен сейсенбіде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қабылдау өтіп, аудан тұрғындарының көкейкесті мәселелері тыңдалды. Бұл жолғы қабылдауды аудан прокуроры Болатхан Қалыбаев өткізді. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов бастаған аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар оңалту мерзімін ұзарту, мүмкіндігі шектеулі азаматқа баспана беру, орталық базардағы санитарлық нормаларды сақтау, аудан орталығын көріктендіру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру, Ақжайық және Сарыарқа көшелерінің жолдары мен жарығын реттеу, жер мен баспана мәселелерін шешу, сондай-ақ, «Тазалық» жеке кәсіпкерлігінің жұмысын жүйелеу және мекемені қажетті техникамен қамту сынды мәселелерді көтерді.
Аудан прокуроры әрбір сұрақ бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заң аясында шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар қоғамдық қабылдауға бір топ құландық шаруа қожалықтарының басшылары да қатысып, таудан келетін ағын су мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, Шөңгер тауында балық шаруашылығымен айналысып жатқан кейбір кәсіпкерлік нысандар заң талаптары мен нақты құрылыс нормаларын сақтамай, төменгі жаққа келетін су мөлшерін азайтып отыр екен. Бұл мәселе бойынша аудан прокуроры Болатхан Тоғанбайұлы арнайы комиссия құру қажеттігін айтып, бірігіп жұмыс істеуге уағдаласты. Оның айтуынша, ағын суға қатысты түйткіл толық зерделенгенге дейін прокуратураның бақылауында болмақ.
Жәнібек Базылбек.