Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліповтің төрағалығымен аудан әкімдігінде кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және жергілікті басқару құрылымдарының жұмыс тиімділігі талқыланды.
Әкімдікке қарасты бірқатар бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, өз салалары бойынша орын алған түйткілдер мен олардың шешу жолдары сараланды.
Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, инвестициялық жобалардың іске асырылу деңгейі, сондай-ақ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларындағы жұмыстардың барысы жеке-жеке қаралды.
Ернар Есіркепов бұл бағыттар бойынша индикаторлар мен жоспарлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді және бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар кеңес барысында аудан аумағындағы аялдамалардың сәулеттік келбетін сақтау, өткен жылы жөнделген 24 көшеге жол жиегін (обочина) жасау, ауыл әкімдерінің рейтингтік бағалау жүйесін жетілдіру және талаптарды нақтылау сынды мәселелер назарға алынды.
Жиын соңында аудан басшысы жауапты бөлім басшыларына және округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.