КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ

98 Views

АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ
КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ПРОКУРОРЫ БОЛАТХАН
ҚАЛЫБАЕВ ТА ҚАТЫСТЫ. ЖИЫНДА БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
ҚАРАЛЫП, САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТИІСТІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.

Күн тәртібінде алдымен интернет алаяқтықтың
алдын алу мәселесі қаралды. Аудандық полиция
бөлімінің басшысы міндетін атқарушы
Жасұлан Таникеев жүргізілген жұмыстар мен
қол жеткізілген нәтижелер жайында баяндады.
Баяндамада алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері,
халықпен жүргізілген түсіндіру жұмыстары
мен алдағы жоспарлар қамтылды. 2025 жылдың
басынан бері аудандық полиция бөлімі тарапынан
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына
сәйкес, 13 интернет алаяқтық дерегі тіркеліп,
оның ішінде 6 іс ашылып, заң аясында түпкілікті
шешімдер қабылданған. Сондай-ақ, сала басшысы
мал ұрлығының да өршіп тұрғанын тілге тиек етіп,
бұл мәселеге мықтап мән беруге шақырды.
Кеңесте жазғы демалыс уақытында балалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттану және
құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері
де сөз болды. Бұл бағытта аудандық білім
бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Бауыржан
Самылтыров сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар
туралы баяндама жасады. Айта кету керек, биылғы
жылы аудан бойынша 1-10 сынып аралығында
білім алатын 12 855 оқушының 9 585-і немесе
74,56%-ы жазғы демалыс және сауықтыру
шараларымен қамтылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты
бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің
басшысы міндетін атқарушы Назира Алтауева
мемлекеттік тапсырыстар аясында жүргізілген
ақпараттық жұмыстарды таныстырды. 2025
жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру»
тақырыбында аудандық бюджеттен 1,5 миллион
теңге бөлініп, «Нығмет Нұры» қоғамдық
бірлестігі жеңімпаз атанған. Жоба аясында 15
ауылдық округте «Жемқорлықсыз болашақ» атты
дәрістер, кездесулер мен түсіндіру жұмыстары
ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда 6 кездесуде 1000-
ға жуық азамат қамтылып, 2 ақпараттық баннер
ілінген.
Жиында «Қарасора – 2025» жедел алдын алу
іс-шарасы аясында жүзеге асырылып жатқан
жұмыстар да сөз болды.
Жиын соңында аудан әкімі Ернар Есіркепов
сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп,
құқықтық сауаттылықты арттыру, алдын алу
жұмыстарын жүйелеу, тұрғындармен кері
байланысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: